EN

Lyrics: Толганай (Казахская)

About page: Lyrics: Толганай (Казахская). Text: Айдай боп нұр берген күлкіңмен күн көргенімсің Табиғат жіберген сұлуым Толғанай Жаныма нәр берген жүрекпен шын сүйгенімсің Толықсып көрінген айымсың Толғанай Қайырмасы: ...


create an account ¦ forgot


lyrics Казахская - Толганай

ТолганайКазахскаяlyrics
print


    Айдай боп нұр берген күлкіңмен күн көргенімсің
    Табиғат жіберген сұлуым Толғанай
    Жаныма нәр берген жүрекпен шын сүйгенімсің
    Толықсып көрінген айымсың Толғанай

    Қайырмасы:
    Толғанай, Толғанай
    Бақыт құс қонғаны-ай
    Толғанай, Толғанай
    Сен болсаң болғаны-ай
    Жанымды арбады-ай
    Сезімнің жанғаны-ай
    Жанымсың, бағымсың
    Аруым Толғанай

    Қиылған қасың бар, керілген сен асылымсың
    Өрілген шашың бар, аруым Толғанай
    Сезімім ашылған, берілген сен ғашығымсың
    Көңілім тасыған өзіңмен Толғанай

    Қайырмасы.

    Тұп тұнық көзіңмен еркелеп сен баурағансың
    Бақытқа қол жетпес баладым Толғанай
    Ерекше сезіммен жүректі сен жаулағансың
    Өмірлік теңім деп санадым Толғанай

    Қайырмасы




+

© MinusOK.com 2007 | Site Map | Terms | Feedback
0.077